«Астана» - «Жетісу» матчын жанкүйерлер стадионда тамашалайды

Санаулы минуттардан кейін «Астана-аренада» футболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-турындағы кезекті матчы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Астана» «Жетісуды» қабылдайды. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес бұл ойынға жанкүйерлер кіре алады. Тек стадион сыйымдылығы бойынша келушілер саны 20 проценттен аспауы тиіс. Жылдан аса жанкүйерсіз өткен футболды фанаттар қаншалықты сағынды? Стадионға кіру талаптары сақталған ба?