Футболдан әуесқой командалар Президент суперкубогін сарапқа салады

Командалар Президент суперкубогін сарапқа салады. Мұндай форматтағы жарыс биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған әр лиганың жеңімпаздары ғана қатысады. Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайтын турнирде «хабарлық» ұжым да бар. Жарыс екі күнге жалғасады. Жеңімпаз команда ертең анықталады.

Берік Уәли, Қазақстан әуесқой футбол лигасының президенті:

- Бұл чемпиондардың чемпионы қатысып жатқан турнир деп айтсақ еш қателеспейміз. Өйткені әр лиганың өз чемпиондары бар. Соған қазір мысалға, 5 лиганың ең үздік шыққан 2 командасы 10 команда болып бүгін үлкен турнир өткізіп жатырмыз.