Хоккейден Қазақстан мен Беларусь арасындағы жолдастық кездесу өтпейтін болды

15 мамырға белгіленген шайбалы хоккейден Қазақстан және Беларусь құрамалары арасындағы жолдастық кездесу өткізілмейтін болды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық ретінде жоспарланған Беларуське қарсы жолдастық матч өтпейді. 

Қазақстан құрамасы кезекті ПТР-тест тапсырған соң бір ойыншының нәтижесі оң болған. Сондықтан Латвия елінің ережесі бойынша бүкіл команда оқшауланды. 

Бүгін команда қайта тест тапсырып, ағзасында антидене бар ойыншылар жаттығуға кірісті. Дегенмен, Беларуське қарсы жолдастық матч өтпейді.

prosports.kz