Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысынан ковид анықталды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының бір өкілінен коронавирус анықталды.

Сондықтан бүгін біздің жігіттер Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге шықпайды. Бұл ойын Рига қаласында өтуі тиіс еді. Енді Латвияның ковидке қарсы ережесі бойынша тұтас құрама оқшауланды. ПТР тест анықтамасынан кейін команданың өзге мүшелерінен індет белгілері шыққан жоқ.

Ұйымдастырушылар Қазақстан хоккейшілерінің жаттығу жасауына ғана рұқсат берді. Беларуське қарсы алғашқы жолдастық кездесуде біздің ойыншылар 2:0 есебімен жеңіске жеткенін айта кетейік. Латвиядағы әлем чемпионаты 21 мамырда басталады.

Қазақстан жарыс қожайындарынан бөлек Финляндия, АҚШ, Германия, Канада, Италия және Норвегиямен кездеседі.