Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтетін жер белгілі болды

Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі АҚШ-та өтетін болды деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем кубогі кезеңінің финалы 29-30 қыркүйек күндері АҚШ-тың Янктон аймағында ұйымдастырылады. Аталған жарыс биылғы маусымның соңғы додасы болмақ. 

Айта кетерлігі, дәл осы Янктонда 19-26 қыркүйекте садақ атудан әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылар екі жарыстың бір жерде өткізілуін қатысушылардың, атап айтқанда, спортшылардың қауіпсіздігі үшін деп түсіндірді.