427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конор МакГрегор Forbes-ке арнап ерекше торт жасатты

  • 119
  • UPD: 09:04, 16.05.2021
Конор МакГрегор Forbes-ке арнап ерекше торт жасатты eurosport.ru

Екі салмақ дәрежесінде UFC бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор дүние жүзінде ең табысты спортшылар рейтингінде көш бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Forbes журналы рейтингінің көш басына 32 жастағы файтерді қойған болатын. Басылым мәліметінше, 2020 жылдың 1 мамырынан биылғы 1 мамырға дейін Макгрегор 180 миллион доллар тапқан. Ол футболшылар Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды озып кеткен еді. 

Макгрегор бұл жеңісін атап өту үшін Forbes журналының бейнесімен торт пісірген. Торттағы журналдың мұқабасында файтердің өзі тұр. 

Хабар 24 телеарнасы