425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол жанкүйерлері стадионға оралды

  • 180
  • UPD: 10:07, 16.05.2021
Футбол жанкүйерлері стадионға оралды

Англия кубогының финалында 20 мың көрерменге матчты тамашалауға рұқсат берілді.

Ал бас жүлдені «Челси» мен «Лестер» сарапқа салды. Ойын тартысты өтті. Юри Тилеманс соққан гол Роджерс шәкірттеріне жеңіс сыйлады. «Челси» таразы басын теңестіретін еді. Бірақ ұрымтал сәтте мүлт кетіп жатты. Томас Тухель жаттықтыратын команданың чемпиондар лигасының финалында өнер көрсететін ескерсек, оларда бәйге алудың тағы бір мүмкіндігі бар екені түсінікті. Көрермендер туралы айтсақ, футболды тікелей тамашалауды әбден сағынып қалыпты. Тоқсан минут бойы қос команда да қолдаудан кенде болған жоқ. Жергілікті билік мачтан кейінгі эпидахуалды жіті зерттейтін болады. Егер коронавирус жұқтырғандар саны артпаса, кейінгі ойындарға да жанкүйерлер көптеп келе алады.

Хабар 24 телеарнасы