Рауль «Реал Мадрид» тізгінін ұстауы мүмкін

Marca басылымының мәліметінше, мадридтік клубтың аңызы Рауль Гонсалес «Реалдың» тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Қазіргі таңда Рауль «Кастильяны» баптап жүр. Басшылық бірнеше үміткердің тізімінен 44 жастағы маманды клубтың болашақ бапкері ретінде көріп отыр.

Айта кетейік, қазіргі бас бапкер Зинедин Зидан жазда клубтан кетеді деген мәлімет тараған еді. Оның басшылығымен клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанды.