Биыл «Барселона» клубының жағдайы мүшкіл

Биыл «Барселонаның» жағдайы мүшкіл. Тіпті құрдымға кету алдында тұр десеңіз де болады. Өйткені тіпті қола медальді де қолдан беруі әбден мүмкін.

Егер соңғы турда «Эйбардан» жеңіліп, ал «Севилья» өз кезегінде «Алавесті» ұтса. Дегенмен, іс соншалықты насырға шаба қоймас.

«Барселона» 37-турда «Сельтаны» қабылдады. Бірінші таймда Лионель Месси есеп ашты. Ойын тізгіні де алаң иелерінің қолында еді. Каталония командасы тоқмейілсіп, енді допты ортада ұстауға көшкен. Сол кезде «Сельта» мінез танытты. Санти Мина қатарынан екі гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 2:1, матч нәтижесі виголықтардың пайдасына шешілді.