Амалия Кудрявцева Италияда стенд атудан «қола» жеңіп алды

Италияның Тодди қаласында стенд атудан Green Cup халықаралық турнирінде Амалия Кудрявцева қола жүлдегер атанды.

Ол «skeet» жаттығуы бойынша өткен жасөспірімдер арасында үздіктер қатарында көрінді. Бұл қазақстандық мергеннің халықаралық деңгейдегі алғашқы жеңісі.

Айта кетейік, турнир 24 мамырға дейін жалғасады.

Халықаралық биатлоншылар одағының Атқарушы комитеті 2022 жылғы Әлем кубогіне қатысты шешім қабылдады. Бұрын Беларусь мемлекетінде өтеді делінген жарыс енді Финляндияның Контиолахтиіне көшеді. Шалт қимылға беларус жеріндегі жағдай әсер етті дейді ұйымдастыру комитеті. Раубичиге мамандардың неге қырын қарағаны түсініксіз. Бәлкім ел білмейтін астар жатыр.