WTA рейтингі: қазақстандық теннисшілер нешінші сатыда

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтинг жаңартты, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстандық теннисшілердің барлығы дерлік рейтингтегі орнын өзгертті. Тек қана Елена Рыбакина 22-ші сатыны сақтап қалды. Юлия Путинцева бір орынға төмендеп, 35-ші орыннан көрінсе, Зарина Дияс 93-орынға көтерілді. Ярослава Шведова ұзақ үзілістен соң қайтадан рейтингілік ұпай жинай бастады. Ол 433-орынға жоғарылаған. 

Ал алғашқы үштік мынадай: 

  1. Эшли Барти (Австралия);
  2. Наоми Осака (Жапония);
  3. Симона Халеп (Румыния).