427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды тұрғыны 333 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді

  • 197
  • UPD: 16:45, 17.05.2021

Қарағандылық белсенді Асхат Қажытай 333 шақырым қашықтықты жеті күн ішінде жаяу жүріп өтпек.

Кеншілер шаһарынан бүгін шыққан желаяқ 24 мамыр күні Қызыларай ауылына жетіп, Орталық Қазақстандағы ең биік шың Ақсораңның басына ту тігеді.

Жол бойы Арқа жеріндегі әсем табиғатты таспаға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы ішкі туризмді насихаттауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ аялдаған ауылдарда қазақтың салт-дәстүрін, саятшылық өнерді, көкпарды көрсетіп, далада көшпенділердің асын әзірлемек. Жалпы бұл танымдық-туризм жобасы 5 бағыт бойынша жүзеге асады. Келесі сапар маусым айында Қарағанды-Ұлытау бағытында болмақ.

Асхат Қажытай, «Жаяу» жобасының авторы:

- Бұл жобаның басты мақсаты тарихи жерлерді, мәдени орындарды таныстыру. Ауылдың кешегісі мен бүгініне тоқталу, ауыл азаматтарының портретін ашу, ауылдағы мәселелерді көтеру. Этно-, экотуризм бағытында да біраз материал түсіреміз. Қазіргі уақытта ауыл туризмі деген тақырып кең қолданылып келе жатыр ғой. Бір күнде 50-60 шақырым жүрем деп ойлап отырмын. 7-8 күнде сәтін салса Қызыларайға жетемін.

Хабар 24 телеарнасы