«Ла Лиганың» бас жүлдесі «Атлетикоға» бұйыруы мүмкін

«Ла Лиганың» бас жүлдесі «Атлетикоға» бұйыруы әбден мүмкін. Ол үшін Диего Симеоне шәкірттері соңғы турда сырт алаңда «Вальядолидті» ұтуы тиіс.

Тең түссе де тіпті жеңіліп қалса да Испания чемпионы атануы мүмкін. Бірақ қортынды нәтижеге «Реал» мен «Вильярреал» арасындағы кездесудің ықпалы ерекше. Қазір «Атлетико» 83 ұпаймен топ бастап келеді.

Екінші орындағы «Реал» олардан екі ұпай кем жинады. 37 турға келсек, Диего Симионе командасы «Осасунаны» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Шешуші голды ойынның 88 минутында Луис Суарес соқты. Оған дейін Ренан Лоди таразы басын теңестірген. Ал кездесудегі алғашқы голды «Осасуна» ойыншысы Анте Будимир соқты. Егер Лоди мен Суарес қайрат көрсетпесе, «Реал» чемпиондыққа бір табан жақындар еді.

Сондай-ақ...