Испанияның корольдік клубы «Атлетиктен» басым түсті

Зинедин Зидан командасы Бильбаода жергілікті «Атлетиктен» басым түсті. Есеп 1:0.

Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды матчтың 68-минутында Начо соқты. 38-тур олар үшін маңызды екені түсінікті. «Вильярреалды» жеңген күннің өзінде күміс медальді місе тұтуы мүмкін. Өйткені «Атлетико» екі ұпай алда тұр. «Реал» биыл көп сүрінді. Тіпті жүлдеден сырт қалуы мүмкін деген сөз шықты. Және ол негізсіз емес еді. Шынында да, команданың ойыны сұйылып, осал қарсыластың өзіне жол беріп жүрді. Кейін бір қалыпқа түсіп, ұпай жинауға көшті. Енді жерлестеріне жете қабыл жерде тұр.

Сондай-ақ...