Мария Агапова октагонға оралуға дайын екенін айтты

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова (9-2-0) америкалық промоушн туы астындағы екінші жекпе-жегінен кейін қалпына келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы қыз инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Мария UFC-де 2020 жылдың жазынан бастап өнер көрсетіп жүр. Әлемдегі жетекші ММА лигасында ол екі жекпе-жек өткізді. Алдымен америкалық Ханна Сайферсті жеңіп, кейін Шэне Добсоннан жеңілді.