Иманбектің туындысы Еуро-2020 ресми плейлистінен шығарылды

Футболдан Еуропа Чемпионатының ресми плейлистінен бірден бірнеше трек алынып тасталды. Мұның себебі – мәтіндерде бейәдеп сөздердің кездесуі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың ішінде қазақстандық Иманбек, ресейлік Моргенштерн және американдық Fatty Wap бірлесіп шығарған туынды «Leck» әні де бар.

УЕФА-ның баспасөз қызметі плейлист әзірлеушілерімен байланысқа шығып, мәтіндегі бейәдеп сөздерге байланысты бұл әндерді алып тастауды бұйырған.

Әндер плейлист ресми жарияланғанынан кейін жойылды. Трек тізімін футболшылар таңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2020 коронавирус кесірінен 2021 жылға ауыстырылды. Чемпионат 11 маусымнан 11 шілдеге дейін Еуропаның 11 қаласында өтеді: Санкт-Петербург, Баку, Амстердам, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Рим, Мюнхен және Севилья.