Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына кімдер қатысады

Санаулы күндерден соң Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Халықаралық федерация жарысқа қатысушылар тізімін жариялады, деп жазды prosports.kz.

Қазақстан командасының құрамы: 

Жасөспірім ұлдар: 

Абылай Әуелханов (55 келі),
Алексей Дроздов (61 келі),
Ақмола Сайрамкез (67 келі),
Сайхан Тайсуев (73 келі),
Рахат Бекболат (102 келі).

Жасөспірім қыздар: 

Гүлнұр Ыбырай (64 келі),
Айсамал Сансызбаева (87 келі).

Әлем біріншілігі басталғанға дейін команда құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Дүбірлі дода 21-31 мамыр аралығында өтеді.