Жәнібек Әлімханұлы кіммен жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой рингте бірде-бір қарсыласына есе жібермеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізеді, деп хабарлады Prosports.kz .

28 жастағы боксшымыздың он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы орта салмақтағы бұрынғы WBA чемпионы, америкалық Роб Брунт (26-2, 18 КО) болады. Жәнібек ешқашан осындай жоғары деңгейдегі қарсыласпен кездескен емес.

Әлімханұлы мен Брунт арасындағы айқас өтетін кештің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченконың мен жапониялық Масаёси Накатани жұдырықтасады.

Жәнібек Әлімханұлы алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың 9 қазанында Лас-Вегаста өткізіп, екінші раундта аргентиналық Гонсало Корианы нокаутқа жіберді (16-4, 6 КО). Брунт соңғы рет рингке былтыр 22 тамызда шықты. Украиналық Виталий Копыленкомен (28-3, 16 КО) қолғап түйістіріп, бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.