Андрей Голубев халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Женевада өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші айналымда ол хорватиялық Марин Чиличпен, Франция мен Қытай спортшыларынан тұратын жұпты жеңді. Кездесу 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Жүзуден жасөспірімдер арасында ашық чемпионат басталды

Додаға еліміздің 14 өңірінен 14 команда және екі жүзден аса спортшы қатысып жатыр. Спортшылар жүзудің баттерфляй, брасс, кроль түрлері бойынша және ерлер мен әйелдер командалары эстафетасында сынға түседі.

Самат Ерғалиев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Бұл іс-шара 4 күнге созылады. Әр күні әр дистанцияның финалы күнделікті болады. Жалпы 240-қа жуық спортшы қатысып отыр.

«Астана» «Қайсарды» ойсырата жеңді

Қазақстан чемпионатының 12-турында «Астана» Қызылордада «Қайсарды» 5:2 есебімен тізе бүктірді. Кездесуде «Астана» командасынан Марин Томасов, Вараздат Ароян, Макс Эбонг, Роман Муртазаев гол соқты. Ал алаң иелері сапынан Егор Потапов пен Стефан Денкович мергендік танытты. Елордалықтар осы жеңістен кейін 32 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 22, «Ақжайығы» 21 ұпайы бар.

«Қайрат» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірді

Ал Алматыда «Қайрат» «Ақтөбені» 4:2 есебімен жеңді. Осылайша «Қайрат» үш ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

«Манчестер Сити» «Брайтоннан» жеңілді

«Манчестер Сити» 37-турда «Брайтоннан» ұтылып қалды. Алаң иелері 3: 0 есебімен басым түсті. Осылайша, «Брайтон» турнир кестесінде 15-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Хосепа Гвардиола шәкірттері мерзімінен бұрын ағылшын чемпионы атанды.