Паралимпиадашы Сиязбек Далиев Еуропа чемпионы атанды

Жүзуден Португалияда өтіп жатқан ашық Еуропа біріншілігінде қазақстандық Сиязбек Далиев чемпион атанды.

Паралимпиада комитетінің мәліметінше, жерлесіміз финалдық сында баттерфляй әдісімен жүзу бойынша 50м қашықтықты 35,78 секундта бағындырып, мәреге бірінші жетті.

Айта кетерлігі, дәл осы қашықтық Сиязбек үшін негізгі болып табылады, 2018 жылы Джакартада өткен Азия пара ойындарында да осы стильмен алтын медаль иеленген болатын.

Әзірге Сиязбектің жүлдесі командамыз үшін жалғыз болып табылады. Португалияның Мадейра аралында өтіп жатқан жарыс 20 мамыр күні аяқталады.