Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы кімге қарсы ойнайды

22 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында Латвияда элиталық дивизиондағы алғашқы матчын өткізеді.

Әлем кубогында Қазақстан «В» тобында бақ сынайды, деп жазды Olympic.kz. Оның құрамына АҚШ, Германия, Финляндия, Италия, Норвегия, Латвия, Канада кіреді.

22 мамыр. Латвия – Қазақстан

23 мамыр. Қазақстан – Финляндия

25 мамыр. АҚШ – Қазақстан

26 мамыр. Қазақстан – Германия

28 мамыр. Қазақстан – Канада

29 мамыр. Италия – Қазақстан

31 мамыр. Норвегия – Қазақстан.

Төрт команда плей-офф кезеңіне өтеді.