UEFA Қазақстан футболының дамуына ықпал етеді

Қазақстан футболы дамудың даңғыл жолына түспек.

Ұлттық федерацияның ынтасын UEFA құптап, қолдау білдіруге ниетті. Бұл туралы ұйым серіктесі Павел Колев айтты. Қазір федерация даму стратегиясын жаңғыртуды көздеп отыр. Павел Колев мақсат-мүддені түгел ескеріп, жобалардың орындалуына жәрдемдесуге дайын екенін айтты. Алдымен білікті сарапшыларды тартуға ықпал ететінін жеткізді. Қазір UEFA Grow бағдарламасында стратегия құрудың бірыңғай форматы бар. Оған Колев жетекшілік етеді.

Павел Колев, UEFA серіктесі:

- Ұлттық федерацияның футболды дамытуға ынта қоюы біз үшін маңызды. Біз барлық бастаманы қолдап, жобалардың орындалуына жәрдем етеміз. Дамығың келсе, UEFA міндетті түрде қолдау көрсетеді деген сөз.