Хоккейден Қазақстан командасының капитаны тағайындалды

Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі Ригадағы әлем чемпионаты қарсаңында команда капитанын бекітті.

Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. Капитаннан бөлек оның ассистенттерінің де есімі белгілі болды. Әлем чемпионатында Қазақстан командасының капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады. Ал Роман Старченко мен Даррен Диц оның көмекшілері қызметінде. 

Айта кетелік, әлем чемпионаты 21 мамыр күні Ригада басталады. Қазақстан командасының алғашқы кездесуі 22 мамырға жоспарланған.