427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады

  • 259
  • UPD: 14:37, 21.05.2021
Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады ҚР ҰОК

Дзюдодан Венгрияның Будапешт қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды.

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиев Будапештке аттанатын спортшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатында Қазақстан атынан 9 спортшы қатысады. 

60 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин;
66 келі: Елдос Жұмақанов;
73 келі: Жансай Смағұлов, Аңсар Ғайнуллин
81 келі: Дидар Хамза
90 келі: Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзапаров;
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев.

Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 маусым аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы