Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы матчта кімге қарсы ойнайды

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы кездесуін турнир қожайыны Латвияға қарсы өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы элиталық топқа бес жылдан кейін қайта оралды.

Алғашқы ойында Юрий Михайлис шәкірттері Латвия құрамасына қарсы ойнайды. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады.