Роналду «Манчестер Юнайтед» сапына оралуы мүмкін

Туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» сапына оралуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Англиялық клуб бапкері Уле-Гуннар Сульшер 35 жастағы футболшының трансферіне мүдделі екені және футболшының өзімен де байланысқа шыққан екен.

Роналдуның өзі де «МЮ» сапына барғысы келетіні хабарланды. Ал нақты шешім «Ювентус» Чемпиондар лигасының келесі маусымына өткен-өтпегені белгілі болғанда қабылданбақ.

Роналдудың қазіргі жоспары «МЮ» сапында екі маусым өткізіп, кейін «Спортингте» карьерасын аяқтау болып отыр.