«Астана» - «Қайрат» матчіне көрермендер кіргізіледі

«Астана» - «Қайрат» матчіне көрермендер кіргізіледі
Иллюстративті фото / 24.kz

Қазақстан чемпионатының 13-туры аясындағы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ойын көрермендердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласы санитар дәрігерінің шешімімен медициналық ережелерді ескере отырып, стадион сыйымдылығының 20%-не дейінгі мөлшерде жанкүйерлердің Қазақстан чемпионаты матчіне қатысуына рұқсат етілді.