Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 23 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған ойын елорда уақытымен 19:05-те басталады.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады. Екі құрама бұған дейін аталған турнирде төрт мәрте кездесті. Оның барлығында финляндиялықтар жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, олар әлем чемпионатында 1995, 2011, 2019 жылдары жеңімпаз атанды. Биылғы турнирде екі құрама да алғашқы ойындарынан басым түсті. Қазақстан хоккейшілері Латвияны буллитпен 3:2 есебімен жеңсе, Финляндия АҚШ құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.