Үстел теннисінен жастар ойынының алтынын кімдер сарапқа салады?

Бүгін Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан жастар ойынының жекелей және жұптық сындағы жеңімпаздары анықталады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жүлде үшін төмендегі спортшылар таласады: 

Жұптық сын, ерлер, финал: 

Айдос Кенжеғұлов/Санжар Жұбанов (БҚО) – Сағантай Құрмамбаев/Сергей Коновалов (ШҚО)

Жұптық сын, қыздар, финал:

Зәуреш Ақашева/Александра Смирнова (Қарағанды) - Сарвиноз Миркадирова/Анель Бахыт (Шымкент);

Финал, аралас жұп:

Айдос Кенжеғұлов/Алсу Сапарова (БҚО) - Алан Құрманғалиев/Зәуреш Ақашева (Қарағанды);

Жекелей сын, жасөспірімдер, финал: 

Алан Құрманғалиев (Қарағанды) - Искандер Харки (Жамбыл облысы);

Жекелей сын, қыздар, финал: 

Сарвиноз Миркадирова (Шымкент) - Зәуреш Ақашева (Қарағанды);