Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа қатысатын спортшылар анықталды

Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі сынға Қазақстан атынан жеті спортшы қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер: 

55 келі:

Абылай Әуелханов

61 келі: Алексей Дроздов

67 келі: Ақмолда Сайрамкез

73 келі: Сайхан Тайсуев

102 келі: Рахат Бекболат

Қыздар: 

64 келі: Гүлнұр Ыбырай

87 келі: Айсамал Сансызбаева

«Біздің негізгі мақсатымыз – үздік үштікке ену. Жарысқа қатысатын спортшылардың барлығы да әлемдік және құрлықтық додалардың жүлдегерлері. Демек, ірі бәсекелерге қатысып, тәжірибе жинаған. Былтырғы жылдың тамызынан бері зілтеміршілер ұлттық құрама сапында дайындалды. Енді жақсы нәтиже көрсету қажет», - дейді аға жаттықтырушы Дмитрий Чурсин.