Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қазіргі әлем чемпионын жеңді

Қазақстан хоккейшілері қазіргі әлем чемпионы Финляндиядан басым түсті. Ригадағы кездесуде жерлестеріміз буллит сериясында жеңіске жетті.

34-минутта фин құрамасы сапынан Антон Лунделл есеп ашты. Араға екі жарым минут салып, біздің жігіттер таразы басын теңестірді. Кирилл Панюков кезекті шабуылды әдемі түйіндеді. Қарсыластар негізгі уақыт пен овертаймда жеңімпазды анықтай алған жоқ. Буллит сериясында Қазақстан хоккейшілері үш мәрте мергендік танытса, Суоми ойыншылары бір шайбамен тоқтады. Қазақстан әлем чемпионатындағы келесі ойынын 25 мамыр күні АҚШ құрамасымен өткізеді.