«Астана» мен «Қайрат» тең түсті

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияны жеңді.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал елордада футболдан Қазақстан біріншілігінің қос мықтысы – «Астана» мен «Қайрат» кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыластар тең тарқасты. 

«АСТАНА» МЕН «ҚАЙРАТ» ТЕҢ ТҮСТІ  

Елордада футболдан Қазақстан біріншілігінің 13-туры аясында «Астана» мен «Қайрат» кездесті. Ел-классиконың бірінші таймында жанкүйерлер гол көре алмады. Есеп тек матч аяқталар тұста ашылды. Ойынның 86-минутында Тигран Барсегянның голы астаналық командаға жеңіс сыйлағандай болды. Алайда алматылықтар матчты 91-минутта құтқарып қалды. Ғафуржан Сүйімбаев тура соққымен көзге түсті. Осылайша бас қалаға жеңіс үшін келген «Қайрат» әупірімдеп жүріп тең есепті қанағат тұтты.

«Астана» 33 ұпаймен көш басында. Ал алматылық команда 21 ұпаймен үшінші орында келеді.