Стенд атудан Қазақстан командасы Италиядағы турнирде екі күміс еншіледі

Стенд атудан Қазақстан командасы Италиядағы халықаралық турнирде екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

«Трап» жаттығуы бойынша өткен сында шымкенттік Анастасия Прилепина күміс медальға ие болды. Осы бағдарлама бойынша ерлер арасныдағы бәсекеде қызылордалық Әлішер Айсалбаев екінші орыннан көрінді. 

Айта кетелік, бұған дейін Амалия Кудрявцева «скит» жаттығуы бойынша қола жүлдегер атанған болатын. 

«Трап-микс» жаттығуы бойынша Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов алтын медальға қолжеткізді.