Алматыда кәсіпқой бокстан республикалық жарыс өтті

Турнир ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Шаршы алаңға Алматы мен Шымкент және Алматы облысының былғары қолғап шеберлері шықты.

Кәсіпқой боксқа бет бұрған жас спортшылар 9 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Солардың ішнен өзіндік шеберліктерімен көзге түскен Айбек Қабдолда, Бекболат Құрамысов және Мейірбек Сабиров пен Еркебұлан Баққожа секілді талантты жастар жеңіске жетті. Биыл Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы ел біріншілігін ұйымдастыруды қолға алып отыр. Ел мықты атануды көздейтін жігіттер дайындықты бүгіннен бастап кетті. Сағатбек Мұсаханов пен Дастан Сәдуақасов секілді білікті бапкерлерден тәлім алатын боксшылар енді кезекті жекпе-жекті маусым айында өткізеді.

Дархан Қабыланбаев, промоутерлік компанияның басшысы:

- Қазіргі таңда бізде Бекболат Құрамысов бар Атыраудан келген боксшы әлемдік деңгейдегі. Мейлинов Бауыржан және Мейірбек бауырымыз бар міне келіп жатыр. Қазіргі таңда қарқынды дамуда балаларымыз. Үш жеңістен бар балаларымызда. Қазіргі таңда Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады кәсіпқой бокстан. Соған деген мақсатымыз бар.