Бокстан Азия чемпионаты Қазақстан командасы үшін сәтсіз басталды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан Азия чемпионаты Қазақстан командасы үшін сәтсіз басталды.

Өкінішке орай, 56 келідегі Махмұд Сабырхан төрешілер шешімімен жеңіліс тапты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сабырхан бірінші айналымда Үндістан өкілі Мохаммад Хуссам Уддинмен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жек қазақстандық боксшының басымдығымен өткеніне қарамастан төрешілер 5:0 есебімен жеңісті үнді спортшысына берді. 

Осылайша Қазақстан командасындағы жүлдеден үмітті боксшылардың бірі турнирді бірінші айналымда аяқтады.