Дамир Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?

Этникалық қазақ Дамир Исмағұлов Лас-Вегастағы UFC Fight Night 188 турнирінде жеңіске жеткені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Ол қарсыласы бразилиялық Рафаэль Альвестен төрешілердің шешімі бойынша басым түсіп, UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Осы жеңісі үшін Дамир Исмағұлов 20 мың доллар алды. Октагонға шыққаны үшін тура осындай сома сыйақы берілді. 4,5 мың долларды UFC қосымша сыйақы ретінде берді.