426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Паражүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиев елге оралды

  • 137
  • UPD: 13:44, 25.05.2021
Паражүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиев елге оралды

Пара жүзуден Еуропа ашық чемпионатының жеңімпазы Сиязбек Далиев Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спортшыны әуежайда жақындары мен әріптестері күтіп зор құрметпен қарсы алды. Айта кетейік, жарыс 16-22 мамыр аралығында Португалияның Мадейра аралында өтті. Оған әлемнің 47 елінен 380 спортшы қатысқан. Соның ішінде Сиязбек Далиев баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,78 секундта бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

Сиязбек Далиев, паражүзуден 2021 жылғы Еуропа чемпионы:

– Бастапқы екі күнде оңай болған жоқ, қиын болды. Жарыста тек финалда шығуға мүмкіндік болды. Содан кейін өзімнің дистанциямда үшінші күні алтын медальға ие болдым. Ендігі Параолимпиада ойындары бізге дайындық болады. Оқу жаттығу жиындары жүргізіледі. Халықаралық турнилар болады. Солардың бәріне қатысып, одан кейін Токиоға дайындық болады.

Хабар 24 телеарнасы