427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Даниял Сәбит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

  • 171
  • UPD: 23:11, 25.05.2021
Даниял Сәбит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Дубайда бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлады Olympic.kz.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Даниял Сәбит шықты. Қазақстан құрамасындағы ең жас спортышның алғашқы қарсыласы Индонезия боксшысы Корнелиус Квангу болды. Жекпе-жек кезінде жойқын соққыларымен көзге түскен ол қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына шықты. 

Айта кетерлігі, Даниял Сәбит жартылай финалда ұтылған жағдайда, жарыстың қола жүлдесіне ие болады. Ал жартылай финалда қарсыласынан басым түссе, чемпиондық атақты сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы