427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Закир Сафиуллин Дубайда Моңғолия боксшысынан жеңіліп қалды

  • 134
  • UPD: 09:53, 26.05.2021
Закир Сафиуллин Дубайда Моңғолия боксшысынан жеңіліп қалды

Дубайда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатынының екінші күнінде қазақстандық екі спортшы жартылай финалға жолдама алды.

49 келіде шаршы алаңға шыққан Даниял Сәбит индонезиялық Корнелиус Лангуден басым түсті. Бірінші раундта қарсыласы ширақ қимылдаған. Алайда екінші раундта Даниял ес жинап, өз үстемдігін паш етті. Одан кейін де жерлесіміз сол әдетінен айныған жоқ.

Айта кетейік, 19 жастағы спортшы ересектер арасындағы ресми жарысқа тұңғыш рет қатысып отыр. Жартылай финалға жолдама алған ол кемі қола жүлдеге қол жеткізеді. Сондай-ақ 91 келі салмақта Олимпиада лицензиясының иегері Василий Левит ирандық Эхсан Рузбаханды жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал  Закир Сафиуллин Моңғолия боксшысынан ұтылып қалды.

Хабар 24 телеарнасы