МакГрегор әлемдегі ең табысты 100 спортшының тізімінде көш бастады

32 жастағы UFC файтері Конор МакГрегор Sportico нұсқасы бойынша 2020 жылғы маусымнан 2021 жылдың мамыры аралығында ең көп табыс тапқан 100 спортшының тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

МакГрегор соңғы үш жылда 2018 жылы шығарған ирландиялық виски брендін насихаттап келеді. Биылғы жылы компанияның сатылымы оған 170 миллион доллар табыс алып келді, әрі соңғы 12 айдағы кірісі 208 миллион долларға жетті. Осының арқасында оның табысы әлемдік футбол жұлдыздарынан асып кетті: Лионель Месси (126 миллион доллар) және Криштиану Роналду (120 млн доллар).

Сонымен қатар МакГрегор UFC-де Дастин Порьемен өткізген жекпе-жектен 28 миллион доллар тапты. Ал АҚШ-тан тыс жерлердегі түрлі брендтермен серіктестіктен 8 миллион доллар пайда алды.