«Вильярреал» – Еуропа лигасының чемпионы

Еуропа лигасының биылғы маусым жеңімпазы белгілі болды. Бұл жолы «Вильярреал» командасының асығы алшысынан түсті.

Финалдық кезеңде Унаи Эмери шәкірттері пенальтиден тағдыршешті голды соқты. Мачтың негізгі бөлігінде қарсыластар бір-бірінен айласын асыра алмай, біраз ырғасты. Дегенмен «Вильярреал» ойыншылары батылдық танытып, алғаш болып есеп ашты. Авторы – шабуылшы Жерар Морено. Алайда «қызыл сойқандар» екінші таймда-ақ оған жауап қайырды. Есеп – 1:1. Қосымша уақытта да ойын бірсыдырғы өрбіді. Тек пенальтиден доп тебу кезінде «Вильярреал» ойыншылары бір ұпаймен басым түсті.

Айта кетейік, команда халықаралық турнирде алғаш рет топ жарып отыр.