Футзал: әлем чемпионы «Қайраттан» кетті

Алматылық «Қайрат» футзал клубы барзилиялық шабуылшы Фернандиньо командадан кеткенін хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

37 жастағы бразилиялық форвард командадан келісімшарты аяқталғандықтан кетті.

Фернандиньо «Қайрат» сапына 2020 жылғы маусым алдында қосылып, Қазақстан кубогы мен чемпионатын ұтуға көмектескен. Жалпы ол 29 матч өткізіп, 41 гол салды және 20 пас берді.

«Қайраттан» бөлек Фернандиньо бразилиялық «Сан-Паулу», мәскеулік «Динамо» және португалиялық «Бенфикада» ойнаған. Ол – Ресейдің бес дүркін чемпионы, Бразилияның футзал лигасының жеңімпазы, Португалия чемпионы және екі дүркін ел кубогінің иегері. Ал 2012 жылы Бразилия құрамасымен футзалдан әлем чемпионатының жеңімпазы болған.