426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокстан Азия чемпионатында А.Балқыбекова мен Н.Қызайбай финалға шықты

  • 157
  • UPD: 23:46, 27.05.2021
Бокстан Азия чемпионатында А.Балқыбекова мен Н.Қызайбай финалға шықты

Бокстан Дубайдағы Азия біріншілігінде әйелдер арасындағы жартылай финалдық сын басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасы сапынан екі боксшы финалға шығып үлгерді. 48 келідегі Алуа Балқыбеква үндістандық Мониканы жеңіп, ақтық сынға өтті. Сондай-ақ 51 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбай шри-Ланкалық қарсыласы үш рет нокдаунға шығып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Назым да турнирдің финалында бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы