Жас палуандар боз кілемге шықты

Жас балуандар ұзақ үзілістен кейін боз кілемге қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыдағы Достық спорт кешенінде даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен дәстүрлі республикалық турнир басталды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жарысқа еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы келді. Бүгін 4 салмақ бойынша іріктеу кезеңі өтті. Жарыста топ жарған грек-рим күрес шеберлері ұлттық құрама сапына алынып, халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайды. Қазір ересектер арасында атой салып жүрген тәжірибелі палуандардың барлығы дерлік бір кездері осы жарысқа қатысып, үлкен спортқа жолдама алған болатын. 

Дәулет Тұрлыханов, Азия Күрес кеңесінің президенті:

– Жасөспірімдеріміз әлемде болып жатқан жағдайға байланысты бірталай уақыт болды кілемге шықпағалы. Бірақ бұл жарыстар олар үшін керек. Өйткені бұл жүйелі түрде болып тұру керек. Біз бала кезімізде осындай кілемде жасөспірім кезде бір-бірімізбен йық тірестіріп, бір-бірімізге мінез көрсетіп жеңіске жетсек, талпынысымыз болып, жеңіліп қалсақ, жылап, сондай жағдайда өскен балалармыз.