Хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Канададан жеңілді

Қазақстан хоккейден Әлем чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Топтық кезеңде тағы бір кездесуін Канада құрамасына қарсы өткізді. Рига мұз айдынындағы ойын 2:4 есебімен қарсыластар еншісіне шешілді. Ел құрамасынан Никита Михайлис көзге түсіп, екі рет шайбаны қарсыластар қақпасына соқты.