425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейден әлем чемпионатында еліміз плей-оффтан үміттеніп отыр

  • 155
  • UPD: 10:04, 29.05.2021
Хоккейден әлем чемпионатында еліміз плей-оффтан үміттеніп отыр

Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан хоккейшілері плей-оффтан әлі де үмітті. Ол үшін Италия мен Норвегияны ұтуы тиіс. Юрий Михайлис шәкірттері бесінші кездесуде ойын барасында таразы басын теңестірсе де Канададан ұтылып қалды. Есеп 2:4. 

Гол соққан Никита Михайлис. Алайда одан кейін «үйеңкі жапырақты» елдің өрендері қатарынан екі гол соқты. Соңғы шайбаны Андрей Шутовтың орынына айдынға алтыншы ойыншы шықққан кезде бос қалған қақпаға бағыттады.

Айта кетейік, Шутов әлем чемпионатындағы тырнақалды ойынын өткізді. Самат Данияров та тұңғыш рет дүбірлі додада бақ сынады. Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы