427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі

  • 162
  • UPD: 15:17, 29.05.2021
Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 29 мамырда Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған ойын елорда уақытымен 15:15-те басталады. Екі құрама бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның үшеуінде итальяндық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қазақстандық құраманың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы биылғы турнирде бұған дейін бес кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Алдымен буллиттен Латвиядан 2:1, Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін АҚШ-қа 0:3 есебімен есе жіберді. Төртінші кездесуде Германияны 3:2 есебімен тізе бүктіріп, одан кейін Канадаға 2:4 есебімен жол берді. Ал Италия төрт кездесудің барлығында жеңілістің ащы дәмін татып, Германияға 49, Норвегияға 1:4, Латвия мен Финляндияға 0:3 есебімен жол берді. Турнир кестесінде сегізінші орынды місе тұтты.

Хабар 24 телеарнасы