425,13 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әйелдер арасында шахматтан халықаралық фестиваль өтеді

  • 199
  • UPD: 16:35, 29.05.2021
Әйелдер арасында шахматтан халықаралық фестиваль өтеді

11 маусымда әйелдер арасында Queens’ Festival жаһандық онлайн-шахмат фестивалі басталады, деп хабарлайды prosports.kz.

Фестиваль аясында шахмат бойынша құрлықтық және жаһандық турнирлер мен білім беру іс-шаралары өткізіледі.

FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) Әйелдер шахмат комиссиясы мен FIDE іс-шаралар комиссиясымен бірлесіп, Азия шахмат федерациясы, Африка шахмат конфедерациясы, Еуропаның шахмат одағы және Америка шахмат конфедерациясының қолдауымен ұйымдастырылған бірегей, жан-жақты іс-шара, шахмат өмірінің барлық аспектісіне әйелдерді қатыстыру және әлемде әйелдердің мықты шахмат қоғамдастығын дамытуды көздейді.

Netflix арнасының «Патшайымның жүрісі» (Queen`s Gambit) сериалының танымалдығы мен жетістігіне негізделген бұл іс-шара, дүниежүзіндегі әйел шахматшыларды, шахмат ойынын ұйымдастырушыларды, төрешілерді және түрлі деңгейдегі шахматшыларды біріктіреді. Азия, Америка, Африка және Еуропа шахматшылары Queen`s Finals жеке және команда бойынша финалға өту мүмкіндігі үшін алдымен онлайн блиц іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Турнирге қатысуға өтінішті 5 маусымына дейін Қазақстан шахмат федерациясының office@kazchess.kz электронды поштасына жібере аласыздар. Айта кетейік, фестивальге қатысу жарнасы 10 еуро.

Фестиваль аясында FIDE Басқарушы директоры Дана Рейзниеце-Озола, қазақ гроссмейстері Динара Садуақасова және басқа да арнайы қонақтардың қатысуымен семинарлар мен түрлі іс-шаралар өтеді.

Хабар 24 телеарнасы