Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны ірі есеппен ұтты

Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алтыншы кездесуін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы Италия құрамасы болды.

Кеше Юрий Михайлистің ойыншылары Канададан жеңіліп, жеті ұпаймен В тобындағы турнир кестесінің бесінші қатарына жайғасты. Бір матчқа азырақ ойнаған италиялықтар – өз қоржынына бір де бір балл салмаған жалғыз команда. Турнирде Италия төрт рет жеңіліске ұшырап, соңғысында Финляндиядан жеңілді.

Әлем чемпионаттарында командалар 6 рет кездесіп, жеңісті теңдей бөлісті. Соңғы рет 2018 жылы біздің команда Италияға Будапеште жол беріп, қарсылас топ-дивизионға шығуға мүмкіндік алды. Содан бері төмен түспеген италиялық команда 2019 жылы Австрияны жеңіп, элитадағы орнын сақтап қалды.

Матч соғылған шайбаға бай болды. Қазақстан қарсыласын 3:11 есебімен жеңді.