Футбол матчында бес ойыншыға дейін алмастыруға болатын ереженің уақыты ұзарды

Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесінің директорлар кеңесі матч барысында бес ойыншыға дейін алмастыруға рұқсат беретін ереженің уақытын ұзартты, деп хабарлайды prosports.kz.

Өткен жылы әлемдегі коронавирус пандемиясы салдарынан және футболшылар денсаулығының маңызын ойлай отырып, матч барысында бес ойыншыға дейін алмастыруға болатын ереже енгізілген.

Ұйымның кезекті отырысында бұл ереже 2022 жылдың соңына дейін ұзартылды. Дегенмен бұл соңғы шешім емес, ұйым әлемдегі коронавирустың футболға деген әсерін ескере отырып, әлі де өзгерістер енгізуі мүмкін.